Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» Тұжырымдамасының жоспарына сәйкес ақпан айында колледж кітапханасымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Аштлеуованың топ студентерінің қатысуымен «Оқуға құштар колледж» кітап челленджі ұйымдастырылды.
Студенттер өздері оқыған кітабындағы негізгі ой, автордың көзқарасы жайлы өзіндік пікірлерімен бөлісті. Оқыған кітаптарындағы көтерілген мәселелерді шынайы өмірмен байланыстырды және оқуға кеңес берді.
Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушыларын арттыру мақсатында әдеби, шығармашылық кітаптармен таныстырып, оларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Шығарма желісін өмір-ағымымен байланыстырып, өз пікірлерін білдіруге дағдылау.
Ұсынылған кітаптар: О. Бөкей «Қар қызы», Ж. Аймауытов «Ақбілек», Д. Лондонның «Теңізшілер», Д. Исабеков «Гаухартас»https://www.instagram.com/p/C3zOYZutwAP/
