АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЕРЛІК САБАҒЫ» ӨТТІ
2024 жылдың 7 ақпан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ерлік сабағы» өтті.
Ерлік сабағының мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Астана қалалық филиалының бастамасымен колледжімізде Ауған соғысы ардагерлері Исаев Лесхан Турдыханович пен Солтыбаев Талғат Қадірбекұлы қонақта болды. Исаев Лесхан Турдыханович 1986-1988 жылдары Кундуз 39696 арт полк әскери бөлімінде, ал Солтыбаев Талғат Қадірбекұлы «АЙБЫН-III» орден кавалері, 1987-1989 жылдары 177 МСП перевал Салангте қызмет артқарған.
Ардагерлерді ардақтау — әдептіліктің белгісі!https://www.instagram.com/p/C3FKy_9NzBV/