1928 жылы Көкшетау қаласындағы педагогикалық техникум Ақмолға көшірілді. Педагогикалық техникумның алғашқы директоры Көкшетаудан оқу орнымен бірге келген С. Д. Добромыслов болды.

1928 жылы орыс тілінде оқытатын мектеп бөлімінің бірінші және екінші курстарына 100-ден астам оқушылар дәріс алды.

1929 жылы қазақ мектептеріндегі бастауыш сыныптарының мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды.

1930 жылы Ахметқали Ынтықбаев оқу орнының басшысы қызметін атқарды. Осы жылы техникумды алғаш 16 түлек тәмамдады.

1931 жылы оқу орны өз орнына Көкшетауға қайтадан көшірілді.

1938 жылы оқу орны қайтадан Ақмолға көшірілді.

1941 жылы Щучинск қаласына көшіріліп, педагогикалық техникум педагогикалық училище болып аталады.

1944 жылы қайтадан Ақмола қаласына көшіріліп, осыдан кейін ғана оқу орны біржола тұрақтанып қалады.

1944 жылы Педагогикалық техникумның іргетасы заңды түрде қаланды.

1961 жылы Ақмола қаласының атауы Целиноград болып ауысқаннан кейін, училище атауы да Целиноград педагогикалық училищесі болып өзгерді.

1967 жылы педучилищеге қоғам қайраткері Әділбек Майкөтов аты берілді.

1972 жылы «Музыкалық білім» бөлімі ашылды.

1995 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ашылды.

1997 жылы 8 мамырда А.Майкөтов атындағы Целиноград педагогикалық колледжі А. Майкөтов атындағы Ақмола педагогикалық колледжі деген атаумен өзгертілді.

2000 жылы «Шетел тілі» мамандығы ашылды.

2001-2002 жылы «Дене тәрбиесі» мамандығы ашылды.

2001-2002 жылы «Бейнелеу өнері мен сызу», «Технология» мамандықтары ашылды.

2001 жылы Астана қаласы әкімінің шешімімен МКҚК «Астана қаласының Білім департаментінің Гуманитарлық колледжі» болып өзгерілді.

2020 жылдың 30 желтоқсанында «Астана Халықаралық университеті» ЖШС университетінің педагогикалық институты жанынан заңды тұлға құрмай, «Педагогикалық колледж» құрылымдық бөлімшесін құрумен сенімгерлік басқаруға берілді.

2024 жылдың 24 қыркүйегінде Астана халықаралық университетінің жоғары колледжі болып өзгертілді.

 

Астана халықаралық университетінің жоғары колледжі – мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагогикалық кадрлар даярлау бойынша елорданың білім беру қызметтері нарығындағы колледж және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын Республикадағы алғашқы педагогикалық колледж.