2024 жылдың 9 сәуір күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Quiz викторинасы өтті.
«Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігімен колледж жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шараға І, ІІ курс студенттерінен құрылған «Жеңісті қару», «Патриот», «Герои», «Ұлы дала», «Қолбасшылар» атты бес команда қатысты. Викторина жұмысына ҚР ҚК ардагері, полковник, Артыков Гани, «Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметінің басшысы Смаилов Абубакир Абдреевич, «Atamnyn Amanaty» ҚБ үйлестірушісі Альжанова Дамира Мейрамхановна төрелік жасады. Ойын барысында өз даралығымен көзге түскен «Жеңісті қару» командасы жеңімпаз атанып, қалалық жарысқа жолдама алды.https://www.instagram.com/p/C5nbJUhOpWU/