2024 жылдың 21 мамыр күні Астана халықаралық университетенің Педагогикалық колледжінде ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің кавалері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жанаева Шағангүл Алдамжарқызымен «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ІІІ курс «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің 3 ка, 3 кб, 3 кг, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 3 кял, «Шет тілі мұғалімі» біліктілігінің 3 ая тобының студенттері қатысты. Ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңыздылығы, отбасындағы ананың рөлі, отбасы құндылықтары тақырыптарында сөз қозғалған кездесу студент жастар үшін құнды болды.
Шағангүл Алдамжарқызына оқытушылар, студенттер алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.https://www.instagram.com/p/C7PC9eZtayW/?img_index=1