Бөлім меңгерушілерінің ұйымдастыруымен оқу топтарында «Таза сессия» бастамасына арналған «Таза сессия-білім беру ортасындағы адалдық пен ашықтық» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Таза сессия» – бұл оқу орындарындағы сессия (емтихан өткізу кезеңі) кезінде адалдық пен академиялық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған бастама. Ол әділ емтихандар өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға және академиялық этиканың жоғары стандарттарын сақтауға арналған. «Таза сессияның» мақсаты — емтихан тапсыруға байланысты алаяқтықтың немесе тәртіпсіздіктің кез-келген түрін болдырмау және студенттердің оқу үрдісіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.https://www.instagram.com/p/C30RnJqNLsk/?img_index=1
