*«Бейбітшілік пен келісім – табыс кепілі»*
тақырыбында Тәуелсіздік күніне орай колледжімізде эссе байқауы ұйымдастырылып, студенттер белсенді түрде қатысты. ✍️

Бұл байқау — жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған.

🕊 Эсселерде студенттер Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, бейбіт өмірдің маңызын, келісім мен татулықтың құндылығын жүрекпен сезініп, өз ой-толғауларын шебер жеткізді.