2024 жылдың 14 қазан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің студенттері діндерді зерттеу орталығының, құқық қорғау органының, жастар саясатының өкілдерімен кездесті.
Мақсаты — жастардың діни сауаттылығын арттыру, толеранттылықты қалыптастыру және қоғамдық бірлікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын-алу.
Кездесу барысында студенттер діндерді зерттеу орталығының маманы Қайдар Мирас Қабиденұлының, «Алматы» ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Ешенқұлов Нұрдаулет Нұрланұлының, Астана қаласы, Алматы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Едембаева Алуа Бериковнаның, Алматы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы Хамитов Олжас Айдаркелдіұлының дәрістерін тыңдап, туындаған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, кеңестер алды.https://www.instagram.com/p/DBI1UTCNpGb/?img_index=1