Осы игі бастаманы қолдай отырып, колледж директорының бастамасымен және Алматы ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесе, колледж студенттерінен құралған волонтерлер тобы жеке үйлерде тұратын қарттар мен ардагерлерге көмек көрсетті.
Жастарымыз қар тазалау жұмыстарын жүргізіп, үлкендерге қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Мейірім мен жауапкершілік – волонтерліктің басты құндылығы 🤍
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында әр бағытқа аса жауапкершілікпен қарап, қызметтік қолдау мен белсенділік танытуға шақырамыз.
Бұл — жас ұрпақ бойына «Әділеттілік пен жауапкершілік», «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік», «Бірлік пен ынтымақ» құндылықтарын сіңіруге бағытталған маңызды қадам.https://www.instagram.com/p/DTxG8tuDNUD/?img_index=1




