АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
2024 жылдың 26 наурыз күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, жастардың салауатты өмір салты» тақырыбындағы құқық қорғау органының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелер қозғалды. Алматы ауданы ПБ басшысының орынбасары, полиция подполковнигі А.М.Буралхиев, ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Б.К.Кушенов, ПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны А.В.Колобов жеңіл ақша табы мақсатында интернет желісіндегі жұмысқа шақыру жарнамаларынан аулақ болуды, жаман әдеттерден аулақ болу, зиянды заттардың денсаулыққа тигізетін әсері туралы және қаржылық сауаттылық пен өмірдің қиын кезінде өзін дұрыс ұстай білу және көмек қажет жағдайда қайда жүгіну керектігін айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.https://www.instagram.com/p/C5P9TlkNdZy/?img_index=1