2023 жылғы 17 қарашада Астанада армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай колледждері арасында өткен қалалық волейбол турнирінің қорытындысы шығарылды. Жарыстың жабылу салтанаты ҚР бірінші Қорғаныс министрі Кеңес Одағының тыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде өтті.

Астана қаласы Қорғаныс министрлігі мен Білім басқармасының қолдауымен “Atamnyn Amanaty” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жарысқа елордалық 16 колледж қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Кеңес Одағының батыры Рахымжан Қошқарбаевтың атымен өнер көрсеткен біздің колледж командасы бірінші орынға ие болды.

Жеңімпаз командамызды құттықтаймыз!!!