ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ҚАЙЫРЛЫ ІС
«Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 наурыз күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің студенттік Парламент мүшелері оқытушы Қ.Қойбағарованың жетекшілігімен «Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясы аясында қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын берді.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Жақсылық жасап жарысайық.https://www.instagram.com/p/C4iW3XCtK6l/