2024 жылдың 27 қыркүйек күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі студенттері арасында Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған “Менің жетістігім – менің нәтижем” атты пікір-сайыс турнирі өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру.
Пікір-сайысқа 4 команда қатысты. Әр команда өзекті мәселелер туралы өз ойларын ашық айтумен, келтірген аргументтерімен ерекшеленді. Ең мықты командалар дипломдармен, номинациялармен марапатталды.
🥇1 дәрежелі диплом – «Мектепке дейінгі тәрбиежәне оқыту» мамандығының МД 29.3 тобының студенттері Рустам Мерей, Талғат Перизат.
🥈2 дәрежелі диплом – «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының БП 9.2 Бегалықызы Ақниет, Рахымқұл Іңкәр МД 9.3 топтарының студенттері;
🥉3 дәрежелі диплом — «Мектепке дейінгі тәрбиежәне оқыту», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері Мамир Райхан, Серікпай Дарина
Үздік спикер номинациясы – «Бастауыш білім беру» Майданбай Арайлым БП. 9.1 студентіhttps://www.instagram.com/p/DAaXD5Mtwi7/