Заң мен тәртіп құндылығын нығайту, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында колледжімізде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлерінің жетекшілігімен студенттермен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында нашақорлықтың қоғамға, жеке тұлғаға және болашаққа тигізер кері әсері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шарада прокуратура қызметкерлері нашақорлыққа байланысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату және қолданудың құқықтық салдары туралы нақты мәліметтер берді. Сонымен қатар, жастарды заңға бағынуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мамандар өмірден алынған мысалдар арқылы нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына және әлеуметтік өміріне тигізетін зиянын түсіндіріп, бұл дерттің алдын алуда әрбір жастың рөлі зор екенін атап өтті.https://www.instagram.com/p/DUF_QQaDCYk/?img_index=2