2026 жылғы 10 ақпанда колледжімізде АҚПАН – «Жасампаздық және жаңашылдық айы» аясында
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекторлық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, студенттерге қоғам қауіпсіздігін сақтау, радикалды көзқарастардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат берді.
👥 Лекторлық сағатқа 150 студент қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.https://www.instagram.com/p/DUstiuMjLyB/
