Бүгін, 13 сәуір күні «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық айлық басталды.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалданүдыру және абаттандыру, сондай-ақ жолдарды ретке келтіру жөніндегі науқанды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында эко-айлық аясында өтетін іс-шараларда Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледж ұжымы мен студенттері тазалық жұмыстарын жүргізуде мемлекет басшысының саясатын қолдап, белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жасауда.https://www.instagram.com/p/C5tA7ZUOJFR/
