ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2024 жылдың 29 қаңтар күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясы шеңберінде шығармашылық ынтымақтастық бағыты бойынша «Елігай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Елорда «Атамекен» КП аймақтық кеңесінің және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» мүшесі, «Элита орталығы» полиграфиясының құрылтайшысы Ирсалиева Сания Қамбарқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында студент жастар табысты болудың кілті, мақсатқа жетудің жолдары жайлы пікір алмасып, Сания Қамбарқызынан нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі туралы құнды ақпараттар алды.