Колледж студенттерінің ата-аналар жиналысында колледждің психологиялық қызметі
«Студенттер арасында психологиялық қиындықтардың алдын алу және суицидтік қауіпті төмендету» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізді.

Іс-шараның мақсаты:
студенттердің психологиялық саулығын сақтау, эмоционалдық қиындықтардың алдын алу, суицидтік мінез-құлықтың қауіп факторлары туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ата-ана мен білім беру ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында:
ата-аналарға студенттердің психоэмоционалдық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар, дабыл белгілері, қиын жағдайда көрсетілетін психологиялық қолдау түрлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналардың баламен тиімді қарым-қатынас орнату, сенімді диалог жүргізу және қажет болған жағдайда мамандарға жүгіну жолдары түсіндірілдіhttps://www.instagram.com/p/DSrfKnrjMh-/?img_index=1