2024 жылдың 17 мамыр күні білім ордамызда «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» ұйымдарының студенттері арасында Халық Қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетовтың және Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Жас мергендер» пневматикалық мылтықтан оқ ату қалалық жарысы өтті.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа қаламыздың 9 колледжінен 36 ойыншы қатысып, жеңімпаздар анықталды.
Командалық есепте:
🥇І орын – Жоғары көлік және коммуникация колледжі;
🥈ІІ орын – Кәсіптік-техникалық колледж;
🥉ІІІ орын – Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі.
Жеке есепте ұлдар арасында:
🥇І орын Васеленко Никита – Жоғары көлік және коммуникация колледжі;
🥈ІІ орын Медведьев Дмитрий – Жоғары көлік және коммуникация колледжі;
🥉ІІІ орын Кравчук Олег — Кәсіптік-техникалық колледж.
Жеке есепте қыздар арасында:
🥇І орын Темеш Мадина – Жоғары көлік және коммуникация колледжі;
🥈ІІ орын Суюнжанова Дарига – Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі;
🥉ІІІ орын Халық Қарақат — Кәсіптік-техникалық колледж.
Қалалық жарысқа қатысушы колледж өкілдерін, жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!🎊🎊🎊🎉🎉🎉https://www.instagram.com/p/C7OoMpJNLJj/