Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы жоспарына сәйкес 2024 жылдың 20 ақпан күні кітапханашылармен қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы С.Хусманның ұйымдастыруымен жазушы,драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135- жыл толуына орай «Қалам сынағы» поэтикалық центон өтті.

​Мақсаты:Жазушының азаматтық биік тұлғасы,туған халқына,оның әдебиетіне,мәдениетіне сіңірген еңбегін танып-білуді студенттердің өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.Студенттердің шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени ой-өрісі мен эрудициясын дамыту.

​Шара барысында қатысушылар поэтикалық центонның негізгі ережелерімен танысып, ақындардың өлең жолдарынан центондар құрастырды. «Буриме» ойыны ойнатылды.

Білімалушыларға шара қызықтыда әсерлі өтті.

Шараға қатысқан 2КА топ студенттері.https://www.instagram.com/p/C3zSdNgNne2/?img_index=1