2024 жылдың 26-31 мамыр күндері Назарбаев университетінің аумағында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары жене колледж студенттері арасында «Студенттік спорт лига — 2024» ойындары өтті.
Спорт лигасына кикбоксинг қосымша спорт түрі ретінде қосылған. 16-17 және 18-24 жастар санаты бойынша 25 жоғары оқу орындары мен колледж командаларынан 135 студент қатысты. Іс-шара WAKO FULL CONTACT бөлімі бойынша өтті. Жарыс қорытындысы:
І орын Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты;
🥈🏅🏆ІІ орынды Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі;
ІІІ орынды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.
Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің капитаны «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ІІІ курс студенті Мухаметрахим Рахат.
🥇Бабаев Азиз- 57 кг.
🥇Ханытбек Сезімжан — 65 кг.
🥇Бабаев Икрам — 67 кг.
🥈Исабеков Ерали — 57 кг.
🥈Болат Асхат — 60 кг.
🥈Ханытбек Рамжан- 63,5 кг.
🥉Мухаметрахим Рахат — 63,5 кг.
25 жоғары оқу орыны мен колледж командалары бақ сынасқан жарыста жүлделі ІІ орынға ие болған жеңімпаз командамызды шын жүректен құттықтаймыз!👏👏👏https://www.instagram.com/p/C8B4Lx-teqY/?img_index=1



