2024 жылдың 3 мамыр күні Астана қаласы Білім басқармасының жоспары бойынша 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арналған «Біз батыр елдің ұрпағымыз» челленджі ұйымдастырылып, челленджге қатысушылар ҚР Қарулы Күштерінің құрметіне бір мезгілде қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде «Мен Қазақпын» әні орындалды.
📌Челлендж мақсаты: Әскери-патриоттық және рухани құндылықтарын қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу. Өз Отанының нағыз патриоты болуға тәрбиелеу. Эстетикалық, патриоттық сезімдерін ояту.
📌Челлендж міндеті: Патриоттық тәрбиені, өзінің халқына деген сүйіспеншілікті және Отан қорғаушылар беделін арттыру.
Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледж студенттеріде челленджге қатысып,өз Отанының нағыз патриоты болу, ұлтжанды азамат болып қалыптасу азаматтық борыштары екендігін сезіне білді.https://www.instagram.com/p/C6f-P_pukFe/