Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінде 2025 жылдың 22 желтоқсанында *Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану* модулі аясында болашақ мамандардың іскерлік дағдыларын дамытуға бағытталған *«Жас қадам – Жарқын жоспар»* атты бизнес-жоспар байқауы өтті.

💼 Байқауға БП-39.1, БП-39.3, БП-39.8 топ студенттері қатысып, өздерінің креативті идеялары мен экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларын кәсіби қазылар алқасының алдында сәтті қорғады.

🏆 Жеңімпаздар мен номинациялар иегерлері:

🥇 *1 орын* – «Toy Project» (БП-39.3, «Болашақ» командасы)
🥈 *2 орын* – «Agro Lider» (БП-39.8, «Дала тынысы» командасы)
🥉 *3 орын* – «Golden Fold Kitchen» (БП-39.3, «Алтын түйім» командасы)

🔹 «Үздік әлеуметтік жоба» – «Oyu Art» (БП-39.8)
🔹 «Үздік инновациялық идея» – «Eco Harvest» (БП-39.8)
🔹 «Ең үздік бизнес-жоспар» – Сапарғали Адина (БП-39.1)
🔹 «Табысты бастама» – «Айбат» командасы (БП-39.3)
🔹 «Үздік қаржылық жоспар» – «Mind Up» (БП-39.1)

💡 Байқау — студенттердің кәсіпкерлік әлеуетін ашуға және өз идеяларын нақты іске асыруға алғашқы қадам болды.https://www.instagram.com/p/DSmFIAgDP3U/