2024 жылдың 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен бір мезгілде еліміздің барлық білім беру мекемелерінде қазақ күйлері орындалып, ұлттық челленджі бастау алды.
Шара өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған. «Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің студенттеріде челленджге қатысып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде.
«Домбырашылар челленджінің мақсаты — балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу.
Жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы Наурыз мейрамы құтты болсын!https://www.instagram.com/p/C4u7IAAO3B6/
