2 қыркүйек күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Блім күні» атап өтілді. Колледж директоры А.А. Адильжанов колледж табалдырығын алғаш аттағалы отырған блімге құштар жасампаз жастарды Білім күнімен құттықтай отыра, бүгін олардың болашақ мамандық таңдауда өмірлік қадам жасағандарын, бәсекеге қабілетті кәсіби маман иесі болу үшін білімге құштар болудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай- ақ студенттерге берген білімі және олардың зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасағаны үшін оқытушыларға шын жүректен алғыс білдірді.
Барлық оқу топтарында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.http://instagram.com/p/C_fRoVrtT25/