2024 жылдың 30 сәуір күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен ұлт өкілдерінің жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты ынтымақ пен татулық орнаған еліміздің дамуына үлес қосатын жастарды тәрбиелеу, оларға татулық пен ынтымақтың басты құндылық екендігін ұғындыру. І курс студенттері жәрмеңкеде он жеті ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын, өнерлерін ұсынып, достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесінің құндылығын дәріптеді.
1 — мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасасын!https://www.instagram.com/p/C6dXjUMt87T/
