«Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес 2024 жылдың 11 наурыз күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі тәрбие бөлім оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Жеті қазына» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті.
Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаһандану заманында жастарымыздың рухани жан дүниесін байыту, материалдық құндылықтарымыздың рөлін, салт-дәстүр сабақтастығын сақтау.
Көрме жұмысында «ҚР Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері, ұлттық қолөнерді дәріптеуші Шукимова Айдынгуль Боранбайқызы, қызы колледж оқытушысы Койбагарова Куан Назаровна және жиен немересі 3-сынып оқушысы Көкенай Нұрсая «Ұрпақтар сабақтастығы — ұлт ұйытқысы» шеберлік сыныбын көрсетті. Іс-шара қонақтары, студенттер «Әже-бала-немере» үштігі ұлт тәрбиесінің ұйытқысы, ұрпақ саулығының діңгегі екендігінің куәсі болды.https://www.instagram.com/p/C4X-AgstMMR/