2024 жылдың 22 ақпан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде І, ІІ курс студенттерінің ата-аналары үшін «Жазасыз тәрбиелеу» тақырыбындағы ата-аналарға арналған ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты: Ата-аналармен баланың жеке шекарасы тәрбиелеудің бір бөлігі екендігін талқылау. Кез келген ересек баланың жеке шекарасын құрметтеу және баланы жазасыз қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы пікір алмасу.
Жиын барысында колледж директоры А.Адильжанов кез-келген ата-ананың басты мақсаты баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өмірден өз орнын табуы екендігін және жаза арқылы тәрбиелеудің тиімсіздігін, сонымен қатар адам өміріндегі басты құндылықтар адалдық, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттіліктері туралы атап өтті.
Астана қаласы Алматы ауданы полиция басқармасының полиция капитаны А.С.Алькеева ата-аналарға жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері жайлы, жауапкершілік туралы түсіндірді.
«Жазасыз тәрбиелеу» тақырыбындағы ата-аналарға арналған ақпараттық сағат барысында колледж психологтары ата-аналармен «Әрқашан жанында бол!» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Қорытындысында ата-аналар колледждің оқу-тәрбие үрдісі жайлы оң пікірлерін білдіріп, колледж басшылығы мен ұжымына табыстар тіледі.https://www.instagram.com/p/C3r2prRNl7s/?img_index=1









