«ҰСТАЗ — ҰЛЫ ТҰЛҒА» КЕЗДЕСУ КЕШІ
2023 жылдың 22 желтоқсан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, ардагер ұстаз Нарымова Шәмшібану Ануарбекқызының 70 жылдық мерей тойына арналған «Ұстаз — ұлы тұлға» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: ұлағатты ұстаз, ардақты ардагер, ұстаздардың ұстазы Нарымова Бану Әнуарбекқызының 70 жылдық мерейтойын атап өту арқылы ұрпақтар сабақтастығын, білікті маманның өнегелі еңбек жолын кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Бану Әнуарбекқызы 35 жыл бойы саналы ғұмырын ұстаздар даярлайтын коллдежге арнап, оның 21 жылында директордың оқу-ісінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған. 95 жылдық тарихы бар оқу орнының қалыптасып, іргелі дамуына үлес қосқан.
Қонақта Оқу-ағарту министірлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Е.Н. Иманғалиев, аталмыш институттың вице-президенті Г.К. Балғабаева, Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының әдіскері Н.С. Исина, ҚР Орталық сайлау комиссиясы, электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Т.Ж. Рыспеков және ҚР Энергетика министірлігінің қоғамдық-қатынастар департаменінің бөлім басшысы Л.Бекжасарова және білім ордасында ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек еткен ардагер ұстаздар болды.https://www.instagram.com/p/C1tpNyxN6aV/
