«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында
«Тәрбие және жауапкершілік» тақырыбында Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға белсенді ана, педагог Жадиева Г. және АӘД пәнінің оқытушысы Қ. Екибасов қатысып, студенттермен ашық әрі мазмұнды пікір алмасу жүргізді.
Кездесудің мақсаты — студенттерге тәлім-тәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, адамгершілік пен құндылықтардың маңызын түсіндіру.
Осындай кездесулер жастардың жауапкершілігін арттырып, саналы да тәрбиелі азамат болып қалыптасуына ықпал етедіhttps://www.instagram.com/p/DTxLZo5DLqd/?img_index=1



