Қаржылық сауаттылық – табысты дұрыс жоспарлау, шығынды бақылау және ақшаны тиімді басқару қабілеті. Ол адамның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
📌 Осы тақырып аясында колледжімізде
Түкенова Асем Жангелдиновнаның жетекшілігімен НО-29 тобында
«Қаржылық детектив» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
🗓 Іс-шара «Заң және тәртіп» айлығы аясында ұйымдастырылып, студенттердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
🎯 Тәрбие сағаты барысында білім алушылар қаржыны дұрыс басқару, қаржылық алаяқтықтан сақтану және саналы шешім қабылдау мәселелері бойынша өз білімдерін толықтырды.https://www.instagram.com/p/DT_-D2UjDv7/
