Қонағымыз 1986–1988 жылдары Кундуз провинциясында, № пп 39696 әскери бөлімінің артиллериялық полкінде әскери қызмет атқарған.
Кездесу барысында ардагер жауынгерлік жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, Отан алдындағы борыштың маңыздылығы, ерлік пен патриоттық рух туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті қалыптастыру, тарихи сананы нығайту және ардагерлер ерлігін үлгі ету.https://www.instagram.com/p/DUs1rp4DDJH/
