«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі» білімалушыларының арасында «Менің үйімдегі кітап» атты кітап көрмесі өтті.

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханасымен, Математика,информатика және физика пәндер бірлестігінің Информатика және математика пәндерінің мұғалімі,магистр Жамалова С.А. ұйымдастырылуымен,1-курс білім алушылар арасында, Қазақ ақыны,драматург,әдебиет зерттеуші ғалым,филология ғылымының докторы,профессор,Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібайұлының 115 жыл толуына орай «Менің үйімдегі кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге ақынның шығармалары қойылды.

Кітап көрменің мақсаты- білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жөнінде түсіндіру. Шара қорытындысында қатысушы студенттердің белсенділіктері ерекше атап өтілді.https://www.instagram.com/p/C2ezQU9tcSa/?img_index=5