24 қыркүйек күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде оқу топтарының кураторларына арналған «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында жиналыс өтті.
Мақсаты: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Жиналыста топ кураторлары мен оқытушыларға қауіп-қатерді тану және оның алдын алу жолдары туралы нұсқаулар берілді. Балалармен сенімді қарым-қатынас пен тұрақты қарым-қатынас орнатуға ерекше көңіл бөлінді.https://www.instagram.com/p/DAiq8VPtcLz/?img_index=1