2024 жылдың 10 сәуір күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» онкүндігі аясында ІІ курс студенттерінің ата-аналары үшін «Біздің бірге болғанымыз қандай жақсы!» тақырыбында ата-аналармен бірлескен шеберлік сынып ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жастарды парасатты, көркем мінезді, жан-жақты дамыған азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі, баланың өзін-өзі тануына бағыт беру жайлы пікір алысу. Студенттердің тұлға болып қалыптасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдері туралы ой қозғау, қарым-қатынас орнату.https://www.instagram.com/p/C5tUzbIu3ch/