Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінде жас суретші Минура Лұқпанмен шығармашылық кездесу және көремемен танысу өтті 🎨
05.12.2025 ж.колледжімізге International STEPPE School of Astana мектебінің 12-сынып оқушысы, талантты жас суретші Минура Лұқпан келіп, өзінің шығармашылық жолымен және өнер әлеміндегі алғашқы жетістіктерімен бөлісті.
Минураның алғашқы өнер жолы небәрі 5 жасында Лего құрастыруға деген қызығушылығынан басталып, бүгінгі күні үлкен кәсіби деңгейге жетіп отыр. Оның «The Echo of Her» атты алғашқы жеке көрмесі Қазақстандағы феминизмнің даму процесін көрсетуге, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға арналған.
Жас суретшінің «Katyn» картинасы халықаралық “Golden Time Talent” өнер байқауында I орынды иеленіп, шетел мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Минураның колледжімізде өткен “Tarihsyz. Tarih-siz” атты көрмесі көрерменге ұсынылды.
Жас талантқа шығармашылық шабыт, жаңа жеңістер және үлкен өнер жолында сәттілік тілейміз! ✨
Оның болашақта Қазақстан өнерінің жаңа үнін қалыптастыратынына сенімдіміз.https://www.instagram.com/p/DR5Co_wjHJy/
