Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжі Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен 2025 жылғы 28 қарашада «ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ: АДАЛ АЗАМАТ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» атты халықаралық қатысумен Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияға 257 жұмыс келіп түсті. Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында пленарлық отырыс, 4 секцияда 8 шеберлік сағаты, эксперттік дискуссия, стендап, диалог алаңы ұйымдастырылды. Конференция қонақтарына «Құндылықтар керуені» көрмесі және «Құндылық LAB» кампус жұмыстары ұсынылды.
Конференцияға Монғолия, Беларусь, Қырғызстан елдерінен спикерлер, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің коуч-тренері, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қызметкерлері шақырылды. Сонымен қатар, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептері, гимназия, лицейлер директорының орынбасарлары мен бастауыш мектеп педагогтері конференцияға белсене қатысып, өз іс тәжірибелерімен бөлісті.https://www.instagram.com/p/DRrTV8hjGHS/
