ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылдың 7 желтоқсан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы Әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды есепке алу бөлімінің аға прокуроры Ершат Айбекұлы Айбековпен кездесу өтті.

Іс-шарада жастар арасында қоғамдағы негізгі құндылықтар, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу шаралары, балалар арасындағы суйцид, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау (жыныстық қылмыстар, жалған терроризм, ұрлық, әлімжеттік жасау, нашақорлық, күш көрсету, бопсалау, тонау және т.б) басқа да заңсыз әрекеттердің салдары туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізліп, дәріс оқылды.