2026 жылғы 16 ақпанда кураторлық сағаттар барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейту және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жетісу облысы прокуратурасы түсірген «Дроп» атты қысқаметражды деректі фильм колледж студенттеріне ұсынылды.

🎬 Фильм алаяқтық жолмен алынған қаражатты дропперлер арқылы жылыстатуға байланысты қылмыстық схемалардың өзекті мәселелерін қамтиды.

Көрсетілімнің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет-алаяқтықтың құрбаны болмаудың алдын алу.

⚖️ Әрбір жас – заңды құрметтеп, саналы таңдау жасауы тиіс!https://www.instagram.com/p/DU0W-OrjBDh/?img_index=1