«АТАМЕКЕН» АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
2024 жылдың 15 ақпан күні Астана қаласы Білім басқармасының жоспары бойынша Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай бір мезгілде қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде «Атамекен» әнін орындау челленджі бастау алды.
📌Челлендж мақсаты: Әскери-патриоттық және рухани құндылықтарын қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу. Өз Отанының нағыз патриоты болуға тәрбиелеу. Эстетикалық, патриоттық сезімдерін ояту.
📌Челлендж міндеті: Патриоттық тәрбиені, өзінің халқына деген сүйіспеншілікті және Отан қорғаушылар беделін арттыру.
Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледж студенттеріде челленджге қатысып,өз Отанының нағыз патриоты болу, ұлтжанды азамат болып қалыптасу азаматтық борыштары екендігін сезіне білді.https://www.instagram.com/p/C3XEUyeteRJ/
