АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
2024 жылдың 15 ақпан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледж студенттерімен «Жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуын, пайдалануын алдын алу.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Құрманалиев Бектемір Маратұлы студент жастарға нашақорлық және жасөспірімдер арасындағы қылмыстар жайлы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы және кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықпен қатар олардың қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы баяндап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға дені сау, саналы, білімді ұрпақ болуға шақырды.https://www.instagram.com/p/C3XdQfZN6FV/?img_index=1


