2025 жылдың 23 желтоқсанында Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінде «Адалдық пен білім үйлесімі: түлектердің тұлғалық және кәсіби дамуы» тақырыбында ата-аналарға арналған кеңейтілген жиналыс өтті.

🎯 Жиналыстың мақсаты – ата-аналар мен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайту, түлектердің келешектегі бағыт-бағдарына бағыт беру.

👥 Жиналысқа 40-тан аса ата-ана мен арнайы мамандар қатысты.
📌 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
▪️ Колледж директорының алғы сөзі
▪️ ҰБТ, КТ, ПББ тапсырмаларына дайындық
▪️ Психологиялық қауіпсіздік және суицидтің алдын алу
▪️ Құқықтық және физикалық қауіпсіздік
▪️ Жасөспірім денсаулығы жайлы кеңес
▪️ Студенттердің үлгерімі мен тәртібі бойынша есеп

🤝 Ата-аналар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, тиімді кері байланыс орнады.https://www.instagram.com/p/DSm3amzjCTj/