Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінде желтоқсан оқиғасының қатысушысы Пірімқұлова Жанат Секенқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қонағымыз еркіндік пен егемендікке бастар жолда, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы мен сол кезеңдегі ел жадында қалған ерлікке толы сәттер туралы тағылымды естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге патриоттық тәрбие беру, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи оқиғалардың маңызын түсіндіру, жастардың ел тарихына, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Бұл тағылымды кездесу жастарға рухани серпіліс беріп, отансүйгіштік сезімдерін нығайта түсті.
Жанат Секенқызына мазмұнды әңгімесі мен жастарға көрсеткен өнегесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Тәуелсіздік – ұлт рухының мәңгілік символы.https://www.instagram.com/p/DSXynv3DHep/?img_index=1





