«Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі» білімалушылардың ұйымдастырумен колледжде «Адал азамат» бір тұтас тәрбие бағдарламсын іске асыру жөніндегі арналған іс-шара «Бабалар армандаған Тәуелсіздік» атты презентация өткізілді.
«Балалар армандаған Тәуелсіздік» атты презентация Қазақстанның тәуелсіздік идеясының мәнін жас ұрпақ көзқарасы арқылы ашуға бағытталған. Презентацияда балалардың еркін, әділ, бейбіт қоғам туралы арманы, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен болашаққа деген сенімі көрсетіледі. Материалда тәуелсіздіктің негізгі құндылықтары — бірлік, тыныштық, білім, еңбек және дамуға ұмтылыс — бүгінгі ұрпақтың өмірінде қалай көрініс табатыны айқын сипатталады.
Бұл жұмыс жас буынның тәуелсіз Қазақстанды көркейтуге деген ұмтылысын насихаттайды және рухани-патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
2025 жылдың желтоқсан айының 11-де Астана халықаралық университеті жоғары педагогикалық колледжінде кітапхана ұжымы мен «Атамның аманаты» тарихи-танымдық үйірме мүшелерінің (үйірме жетекшісі Роман Аймағамбетұлы) ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Бабалар армандаған – Тәуелсіздік» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының БП-39.6 тобының студенттері қатысты.https://www.instagram.com/p/DSKFxWLDO5V/
