2024 жылдың 4 маусым күні Астана халықаралық университетенің Педагогикалық колледжінде «Мемлекеттік рәміздер — мақтанышым» атты рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Мереке «Әнұраным-бойтұмарым» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттарымен жалғасты.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік рәміздер болашаққа бет түзеген ұлы көшіміздің берік негізі, асқақ рухы. Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді әрқашан да құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы ұрпақтың ұлы борышы.
Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!https://www.instagram.com/p/C7yt967tfop/