2024 жылдың 23 мамыр күні Астана халықаралық университетенің Педагогикалық колледжінде Абай облысы Семей қаласының Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің директоры, домбырашы-ұстаз, мәдениет саласының үздігі Ахметов Сайлауғазы Жұмағазыұлымен кездесу өтті.
Кездесуге «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері қатысты. Ұстаз студент жастарға еңбек пен өнер егіз ұғым екендігін, талмай талпыну, еңбектену арқылы нәтижеге жетуге болатындығын және бала тәрбиесі мен ұстаз еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу барысындағы көп жылдық ізденістегі істері туралы баяндады.
Қонақ дәрісі музыкалық пәндер оқытушысы Қ.Якубованың жетекшілігімен дайындалған концерттік бағдарламаға жалғасты.https://www.instagram.com/p/C7oUNzeNdU5/?img_index=1