2024 жылдың 18 мамыр күні «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы, «Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетика марафоны өтті.
Астана қаласының 250 ге жуық жасөспірімдері мен жастарының қатысуымен, 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден өткен жарыста «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының І курс студенті Жакенова Арай 🥇🎖️🏅 І орынға, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының І курс студенті Есенғабул Алдияр 🥈🎖️🏅 ІІ орынға ие болды.
Жүлдегер студенттеріміз биік шыңдарды бағындырып, алдағы уақыта да оқу орнымыздың мерейін асқақтатындығына сеніміміз мол.https://www.instagram.com/p/C7QnzkwN1dh/?img_index=1