2024 жылдың 19 сәуір күні Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінде «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» онкүндігі аясында қоғамдық пәндер оқытушысы М.Кенжебекованың ұйымдастыруымен «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының І курс студенттерімен «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында әңгімелесу дөңгелегі өтті.
Мақсаты: Адам өміріндегі қарым-қатынас мәдениетінің мәнін ашу, студенттердің қарым-қатынас мәдениетін сақтау түсініктерін қалыптастыру. Тренинг жаттығулары арқылы бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/C6LH020Naau/?img_index=1






