2024 жылдың 17 сәуір күні Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне орай «Екі жақсы қосылса….” тақырыбында «PEDCOLLEGE KUBOGY» КВН ойыны өтті.
Ойынға «Төрт жарым», «Балмұздақтар», «Жалғыз деп ойлап қалмаңыздар», «Қиялдар» құрама командалары қатысып, көрермендерді күлдіре отырып, салмақты ойларын саналы әзілмен жеткізді.
🏆Бас жүлде — «Төрт жарым»
🥇І орын — «Балмұздақтар»
🥈ІІ орын — «Жалғыз деп ойлап қалмаңыздар»
🥉ІІІ орын «Қиялдар»
Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Жайдарман ойының ұйымдастырушы «Шекер» жайдарман құрамасына және қатысушы командаларға алғысымызды білдіреміз.🎊🎊🎊https://www.instagram.com/p/C56IFvENbJQ/?img_index=1