«КӨКТЕМ АРУЫ» БАЙҚАУЫ
«Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шаралады өткізу жоспарына сәйкес 2024 жылдың 14 наурыз күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде педагогика пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен мектеп бөлімі студенттері арасында «Көктем аруы» байқауы өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиесіндегі негізгі басымдықтарға мән беру, әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
🏅Бас жүлде – Ербатыр Жанерке Ерболқызы «Шет тілі мұғалімі» біліктілігінің ІІ курс студенті;
🥇І орын – Қасим Айгерім Кемелқызы «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ІІ курс студенті.
🥈ІІ орын – Серікқызы Ботакөз «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ІІ курс студенті.
🥉ІІІ орын – Алданова Ұлмекен «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің ІІ курс студенті.
🏆🏆🏆Қалған қатысушылар «Парасатты ару», «Инабатты ару», «Зерделі ару», «Сымбатты ару», «Кербез ару», «Нәзік ару», «Көрермен көзайымы», «Бұрымды ару» номинацияларымен және алғыс хаттармен марапатталды.https://www.instagram.com/p/C4kMAccNrMw/